Балабақшаның материалдық базасы:
Меңгеруші кабинеті, әдіскер кабинеті,медициналық кабинет, кір жуатын орын, асхана,хауыз,топ бөлмелері бар.
Балабақшада 6 тәрбиеші, 1 ән-күй жетекшісі,психолог және дене шынықтыру нұсқаушысы қызмет атқарады.
Балабақшаның негізгі ғимараты 2016 жылы салынған.Екі қабатты коттедж , іші жарық,мжылу жүйесі, су, канализация, сантехникасы қанағаттанарлық күйде. Топтық және жатын бөлмелері 3 топқа арналған. 1- қабатта 1 топ, 2- қабатта 2 топ симметриялы орналасқан.мАсхана 1- қабатта орналасқан. Өзіне қажетті асты даярлау және пісіру бөлмелері бар. 2 тоңазатқыш, 2 аяздау камерасы, 1 электроплита, 1 электр еттартқышы, электроқайнатқыш, электроқазаны-1, электротаба-1 бар. Сонымен қатар көкөніс, жемістер қоймасы және құрғақ тағамдарды сақтау бөлмесі бар.
Кір жуу бөлмелерінде (1- қабатта) 1 кір жуу автомат машиналары, 1 кептергіш автомат машинасы бар. 2 үтік, кір үтіктеу үстелі бар.
Медбикенің (1-қабатта)малдын алу сақтандыру бөлмесі бар. Толық жабдықталған.
Балабақша территориясы 1000 шаршы метрге созылған. Онда әрбір топқа арналған учаскілері бар. Әрбір учаскіге арналған ойын құрылыстары орналасқан.
• Балабақшаның жоспарымен, өтіп жатқан ертеңгіліктермен, соңғы жаңалықтармен таныса аласыз;
• Оқыту және тәрбиелеу процесі туралы, балабақша мамандарының кеңестері, балабақшаға қабылдау ережесі туралы және т.б. анықтама ақпараттарды ала аласыз;
• Фотогалереяны қарай аласыз;
• Сізді тәрбие мен оқу туралы мәселелер бойынша сұрақтар қойып, жауап ала аласыз.
• Біз әрбір баланың жүрегіне жол тауып, оған қуаныш, махаббат, мейірімділік сыйлаймыз.
• Егер де балаңыз өзін еркін сезінсін, өзінің жасына қарай мүмкіндіктері мен қабілеттерін дамытса десеңіз- Біздің балабақшаға келіңіз!
Балабақшамызға қош келдіңіздер!

